12 қар, 2022 сағат 17:03

Санжар Тәшкенбай - бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы


Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында финалдық кездесуін өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

48 келіде бақ сынаған Тәшкенбай жапониялық Аратаке Кадзумамен айқасқа шыққан еді. Төрешілер үш раунд қорытындысы бойынша жеңісті 5:0 есебімен Санжарға берді.

Оылайша, ол ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Еске сала кетейік, мұның алдында отандасымыз үндістандық Говинд Кумар Саханимен жекпе-жек өткізген. Тартысты кездесудің бірінші раундында бес төрешінің үшеуі Санжар басым деп тапса, екінші кезеңде қазақстандық боксшы анық үстем болды. Оның үстіне үндістандық спортшы ескерту алып, бір ұпайы шегерілді. Қорытынды есеп - 4:0.