Санавиация екі айлық қазақстандықты Ресейдің Омбы қаласынан елордаға жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.
«Омбыдағы Қазақстан Республикасының консулдығы көмегімен сол қаладағы Новомск учаскелік ауруханасынан санавиация борты жағдайы ауыр екі айлық Қазақстан азаматын Нұр-Сұлтанға жеткізді. Рейсті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Мамандар сәбиді елордаға жеткізерден бұрын оның диагнозын алдын ала қарап шығып, Омбыға ұшып келісімен қарқынды ем-дом жүргізуді қолға алды.
Қазір пациенттің жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын бастап кетті», делінген хабарламада.