30 қар, 2016 сағат 17:12

«Самұрық-Қазына» трансформациясын мемлекеттік құрылымдарға үлгі етуде


Экономист Жаннат Ертілесова «Самұрық-Қазына» қорының трансформация үдерісінде жинаған тәжірибесін мемлекеттік органдарда да пайдалануға болады деп есептейді.

«Самұрық-Қазына» қорының құрылғанына 8 жыл болды, ал ұлттық компаниялардың көпшілігі бұрыннан бері жұмыс істеуде, әрі оларға үнемі заманға сай басқару әдістері енгізіліп келді. Бірақ тәжірибе алмасудың, белгілі бір әдістерді енгізуде оң және теріс тұстарын бағалаудың, қателіктерге талдау жасаудың болмауы, бір компания аясында ғана емес, сондай-ақ компаниялар арасында да әрқашанғы мәселе еді. Трансформациялау бағдарламасындағы ең маңыздысы, ол халықаралық және қазақстандық тәжірибенің жүйелендірілуі - деп Ертілесова «Самұрық-Қазына» қорының трансформация нәтижелеріне түсініктеме берді.

Сонымен қатар, экономистің айтуынша, басшылықтың саяси ерік-жігерінің болуы - трансформациялау бағдарламасын табысты жүзеге асырудағы маңызды факторлардың бірі.

Сондай-ақ, Ж. Ертілесова трансформация үдерісінде Қордың қол жеткізген негізгі нәтижелерін атап өтті. «Мәселен, «Самұрық-Қазынада»  экономикалық ақпаратты талдау мен нәтижелерді талдау қалпына келтірілді, бұны да ертеректе жасау қажет еді. Инвестициялық жобаларды іске асырудан қазірдің өзінде мультипликативтік әсер сезілуде. Бұрын темір жол өз алдында, мұнай құбыры өз алдында жұмыс істеген еді, ал қазір осыларды үйлестіруге болады, - деді сарапшы.

«Қазақстанда қазір қиын экономикалық жағдай, әрі ол шын мәнісінде де экономистердің кейбір алаңдаушылықтарын тудыруда. Ал егер «Самұрық-Қазына» алдыңғы дағдарысты еңсеруге өте жақсы көмектессе, мүмкін осы тәжірибесін де талқылап, бюджетті бекіту және экономикалық жағдайды талдау кезде пайдалану керек» - деп Ертілесова ұсыныс жасады.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында трансформация 2014 жылдың соңында басталды. Осы уақыт ішінде, қор және оның құрамына кіретін ұлттық компаниялардың операциялық моделдері мен ұйымдық құрылымдары қайта қаралды. Үстіміздегі жылдың қараша айында Қазатомөнеркәсіп пен Қазпоштаның трансформация жобасының портфельдері мақұлданды. ҚТЖ, ҚМГ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» жобаларының портфельдері 2016 жылдың соңына дейін бекітілетін болады.

«Самұрық-Қазына» өкілдерінің айтуынша,  елдгі ЖІӨ үшін трансформациялаудан келетін сандық және сапалық пайданың экономикалық тиімділігі алдын-ала бағалаулар бойынша, алдағы бес жылда қаржылық тұрғыдан алғанда 1 трлн астам теңгені құрайды.