14 жел, 2017 сағат 14:01

«Самұрық-Қазына» салған жолымен мемлекеттік органдар жүре ме?

Мемлекеттік органдарды модернизациялау «Самұрық-Қазына» қорының трансформациясы жолымен жүруі мүмкін. Қалай дегенмен де, ұлттық холдинг пен үкімет өкілдері Астанада өткен топтың кеңейтілген отырысында нақты осы мәселе туралы сөз қозғады.

«Самұрық-Қазына» тобында бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан мұндай ауқымды жиынды қор трансформациясы рухында – таунхолл деп атайды. Осы жолы қордың қызметкерлері мен сратегиялық серікітестері, директорлар кеңесінің мүшелері, портфельдік компаниялардың өкілдері, парламент депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдері трансформацияның корпоративтік құндылықтарының рөлін талқылауға жиналды. Кеңейтілген отырыстың ресми тақырыбы – «Самұрық-Қазына мәдени коды. Reinvention».

«Біздің мәдениетімізге мүдделі тұлғалардың барлығын қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Трансформацияланған қор ешқашан бұрынғыдай жұмыс істемейтін болады. «Жақсы бизнес - пайдалы бизнес» дейтін сөз бар. Біз стратегиялық холдингтің, белсенді инвестордың жаңа операциялық моделіне өттік, әрі портфельдік компаниялардың қызметіне әкімшілік қондырма болмаймыз», - деп мәлімдеді қор басшысы Ө.Шөкеев.

Бұрын «Самұрық-Қазына» басшылығы  корпоративті орталықта трасформацияның негізгі бөлігі аяқталды, енді оның үлгісімен қордың портфелдік компаниялары жүретіндігін мәлімдеген еді. Алайда өзгерістерді аяқтауға болмайды, бұл үздіксіз үдеріс, өйткені оны керемет жылдамдықпен өзгеріп жатқан бизнес-орта мен өмірдің өзі мәжбүр етуде. Қор басшылығының сөзіне қарағанда, дәл осы тәжірибе алдағы модернизация тұрғысынан барлық мемлекеттік органдар мен үкіметке пайдалы.

«Біздің қорда іске асып жатқан өзгерістерге мемлекеттік органдар тарапынан зор қызығушылықтың болуын және олардың да өзгеруге деген ниетін атап айтқым келеді. Шынымен де, біздің қор үшін осы өзгеріс идеологиясы қорымыздан тысқары, әсіресе үкімет пен мемлекеттік органдарға да тарағаны маңызды. Үздіксіз өзгеріс философиясы барлығына, әсіресе үкіметке дарыса дейміз. Бізге қазірдің өзінде мемлекеттік органдар келіп, тәжірибемізбен бөлісуімізді сұрауда. Бас прокуратура, жақында Ішкі істер министрлігі... Бұл да осы құндылықтың ұзақ мерзімдік бөлігі  – серіктестік екенін түсінеміз», -  деп мәлімдеді «Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры Нұрлан Рахметов.

Сенатор, әрі қордың бұрынғы топ-менеджері Дархан Қалетаевтің айтуынша, «Самұрық-Қазына» өзінің өзгеріс векторында елдің жалпы бағытынан озып кетуі себебінен көптеген кедергілерге тап болды.

«Тысқары бақылаушы ретінде, менің ойымша қор дұрыс бағытта келе жатыр. Дегенмен де, қорда орын алған үдерістерде қордың өзіне де, онда жұмыс істейтін адамдарға да қатысты жоқ бір кемшілік бар. Алайда, қорда орын алған үдерістер мемлекеттегінің кестесінде емес. Қор – мемлекетті модернизациялаудағы  стартап тәрізді. Қазір еліміз асықпай, нық басып модернизация үдерісіне қарай келе жатыр», - деді Қалетаев отырыста айтқан сөзінде.

Алдағы дамуы тұрғысында «Самұрық-Қазына» корпоративтік мәдениетке ден қоюда.  Топтың ірі компанияларының IPO-ға шығуы қарсаңында осы бағытты дамытуы, қор үшін шынайы құн береді. «Самұрықтың» жаңа корпоративтік мәдениеттің негізгі принциптерінің бірі  - серіктесік пен меритократия.

«Біз меритократияны корпоративтік мәдениеттің иерархиялықтан нарықтық моделге өтуінің құралы ретінде пайдаланамыз. Екі жыл бұрын «Қазақтелеком» тең мүмкіндіктер беретін жұмыс беруші брендін жариялады. Ал тартымдылық тұрғысынан біз сыртқы үміткерлерге де, ішкі үміткерлерге де тең мүмкіндік береміз», - деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Берік Битабаров.

«Біз өз сыныпымызда ең үздігі болуымыз қажет. Шын мәнісінде, бұл біздің басты міндетіміз. Әрі осы сұраққа үнемі қайтып ораламыз. Біз темір жол саласында болсын, пошта қызметінде болсын кім үздік атанса, өзімізді солармен салыстырып, солар сияқты болуға талпынуға міндеттіміз. Менің ойымша алдымызда ең маңызды кезең – бүкіл бағдарламаның үшінші кезеңі – IPO бағдарламасы тұр», - деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры сэр Ричард Эванс.

Осы тәжірибе қазіргі уақытта бүкіл елді модернизациялауда жақсы қызмет көрсете алатындығына «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын басқару офисінің басшысы Арман Евниев сенімді.

«Самұрық-Қазынаның» тағы бір үлкен миссиясы – адамдардың, компаниялардың өзгеруі мүмкін екенін және алдарына зор мақсаттар қойып, сол мақсаттарға жете алатындығын көрсететін эксперименталдық алаң, инкубатор. «Самұрық-Қазына» соңғы 4-5 жылда адамдарды, компанияларды, сондай-ақ, қарым-қатынасты өзгерту, серіктестікті дамыту бойынша шынайы әдістеме жасап шығарды», - деді Евниев.

Отырысты қорытындылай келе, Шөкеев қордың барлық қызметкерлері бір мақсатқа – экономикалық тиімділікті пен еңбек өнімділігін арттыруға жұмыс істейтіндігін, әрі  мәдени код – құзіреттіліктердің жиынтығы ғана емес, сондай-ақ, үздік болуға ұмтылу екендігін ерекше атап айтты.