25 қаң, 2022 сағат 13:40

"Самұрық-Энерго" мен Алматы әкімдігі өкілі жарық неге сөніп қалғанын айтты


Алматы әкімдігі мен "Самұрық-Энерго" өкілі жарық жаппай сөніп қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"KEGOC желісінде үзіліс болды. Желідегі кернеу төмендеді, АЖЖ іске қосылды. Қайта қосуға байланысты жұмыстар басталды", - деді компания өкілі.

"Самұрық-Энерго" компаниясының мәліметінше, 11.59-да өңірдің солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстыратын жоғары вольтты электр беру желілеріндегі ақау салдарынан Алматы мен Алматы энергия торабы оқшауланған жұмысқа көшірілген.

"Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өз кезегінде "Самұрық-Энерго" "АлЭС" АҚ және Мойнақ су электр станциялары жүктемені сақтағанын және қазіргі жүйелік оператор тапсырмасы бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын мәлімдеді. "Самұрық-Энерго" АҚ - Екібастұз ГРЭС-інің солтүстік энергия көздері берілген жүктемені ескертулерсіз көтерді. Екібастұз МАЭС-1-де алты энергоблок жұмыс істейді, жүктемесі - 2930 МВт. Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та жұмыс істейді, жүктеме - 950 мегаватт", - деді "Самұрық-Энерго" АҚ өкілі.