16 мау, 2021 сағат 21:21

Сағынтаев: Коронавирусты 20-39 жас аралығындағы жастар жиі жұқтырып, таратады


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының негізгі таратушысы - жастар екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін мегаполис әкімі Алматы телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берді. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, індет жұқтырғандардың көбі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. 

Оның 48 пайызы қоғамдық орында жұқтырған. 

«Берілген статистика 20 мен 39 аралығындағы жастардың қалалық санитарлық нормаларды ұстанбайтынын көрсетіп отыр» деп қосты Бақытжан Әбдірұлы.