Фото: Wikimedia
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Президент журналистерге жиенінің ұсталуына байланысты ойын айтқан.
"Қалған туыстарыма сабақ болсын", - деп келтірді басылым президенттің сөзін.
Садыр Жапаровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте таныс немесе бөтендер деген ұғым жоқ. Заңды бұзғаны үшін әшкереленгеннің барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады.
"Қазір басқа заман. Барлығына көзқарас бірдей. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болса, қамауға алынады. Мемлекетке келтірілген шығынды еселеп өтесе, шығады. Әйтпесе отырады. Мен арашалап, мына бауырымды қамауға алмаңдар десем, басқалары да заң бұза бастайды. Қырғызда жақсы сөз бар: "Бір жаза – мыңға сабақ", – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Жемқорлық" бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.
Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың туыс ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.