© АКИpress
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кеңес ұйымдастырып, оған бұрынғы мемлекет басшыларын – Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысты. Бұл ақпаратты АКИpress агенттігіне ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Кездесу орны белгілі себептермен бейтарап аумақ болып белгіленді", - деді баспасөз хатшысы.
Бізде қазір солтүстік-оңтүстік, жеті облыс болып бөлініп, әрқайсы тек өз қамын жеп отырғанымен қоймай, өкінішке қарай, қазір қырғыз халқы әр президентті жақтап, сол арқылы тағы жетіге бөлініп жатыр.
Бірақ Қырғызстанның болашағы біз үшін маңызды болса, "Ақаев", "Бакиев", "Атамбаев", "Отунбаева", "Жээнбеков" және т.б. ұғымдарды жоюымыз керек, баршаның басын біріктіре отырып, халықтың болашағын ойлауымыз керек (басшылар бірлігі болмаса қолдаушылар біріге алмайды).
Бастапқыда халық сайлап, соңы қайғылы аяқталған барлық президентті жинасақ, бәлкім, бір жұдырықтай жұмылған біртұтас ел болармыз деген ой мені көптен бері қинап жүрді...", - деп жазды Жапаров.
"Бұрынғы президенттер реніштерін айтып, кемшіліктерін мойындады. Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре білді. Менің де көздеген мақсатым сол еді. Менің ойымда тек әр президенттің жақтастары, жеті облыстың халқы саясатты тастап, бір бағытқа шоғырланып, ұлттың, экономиканың дамуын ойлауы керек еді.
Иә, халқымыздың көзқарасы бойынша қарасаңыз, әркімнің қателігі болды: қайғылы оқиғалар, тіпті қантөгіс.
Ақаевтың кезінде – Ақсый оқиғасы, Бакиевтің кезінде – сәуір оқиғасы, Уақытша үкімет кезінде – маусым трагедиясы, Жээнбековтің кезінде – қазан оқиғасы. Өкінішке қарай, Қырғызстан тарихында бұл оқиғалардың бәрі қара әріппен жазылған. Осылайша қырғыз жастарынан – ұлдарымыздан айырылдық. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының наразылығын түсінемін.
Әр қырғызстандық бірігуі керек! 5-10 жылдық мүддені ойламай, Қырғызстанның мүддесін ойлайық. Маған дейін келген мемлекет басшыларының әрқайсына жеке мүддем де, жеке қызғаныш та жоқ. Осыны баса айтуым керек", - деп жазды Жапаров.