Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы 20 қаңтар күні «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижелері туралы» хаттаманы бекітті. Оған сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті деп танылды. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлады.
Электорат тізімен жалпы саны 3 563 574 сайлаушы енгізілген. Оның ішінде 10 қаңтар күні өткен Президент сайлауына 1 395 513 дауыс беруші қатысты, яғни 39,16%.
Президенттікке үміткер Жапаров Садыр электораттың 1 105 248 дауысына немесе барлық сайлаушылардың 79,20% қолдауына ие болды.
Өзге кандидаттар: Мадумаров Адахан - 94 741 дауыс (6,79%), Толбаев Бабыржан - 32 979 дауыс (2,36%),
Арстанбек Мыктыбек - 23 583 дауыс (1,69%), Сегізбаев Абдил - 20 335 дауыс (1,46%), Ташов Имамидин - 16 383 дауыс (1,17%), Сооронкулова Клара - 14 005 дауыс (1,00%) жинады.
Айта кетейік, президенттікке барлығы 18 кандидат үміткер болды.
Сайлау бюллетеніндегі «Барлығына қарсы» бағанына белгіні дауыс берушілердің 18 673-і немесе 1,34% қойған.
«Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың 79,20% дауысына ие болған Жапаров Садыр Нургожоевичті Қырғызстан Президенті ретінде таныды. ҚР ОСК қаулысымен Жапаров Садыр Нургожаевичті Қырғызстан Президенті ретінде тіркеу, оған ҚР Президенті ретінде сайлануы туралы куәлікті беру, айырықша белгілер – төсбелгі мен оның аты-жөні және лауазым мерзімі жазылған Президент Штандартын (туын) тапсыру белгіленді», - делінген ақпаратта.
Еске салайық, биылғы 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтті.