27 қаң, 2021 сағат 13:45

Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді

29 қаңтар күні Мексиканың Куэрнаваке қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10КО) Нидерланд өкілі Стивен Даньоға (17-3-3, 6КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, бастапқыда боксшылар орта салмақтағы 4 белдікті сарапқа салатыны айтылған: WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO. Алайда, қазір BoxRec.com сайтында жекпе-жек профилінен NABO титулы алынып тасталған. 

«Шоу ұйымдастырушысы - Eye of the Tiger Management компаниясы да боксшылар 4 емес, 3 белдік үшін жұдырықтасатынын мәлім етті. Іс-шара Қазақстан уақыты бойынаш 30 қаңтар күні өтеді», - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы рет рингке 2019 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Бұл оның Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол бұған дейін тек Канадада өнер көрсетіп келді. Сондай-ақ «Солдат Q» бір рет Қазақстанда жекпе-жек өткізді.