06 мау, 2019 сағат 11:38

Сәдібек Түгел Ақтау жұртшылығымен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Маңғыстау облысындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Ақтау қаласынан бастады. Кандидат қала жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" үміткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Сәдібек Түгел қала тұрғындарына ризашылығын білдіріп, сайлауалды бағдарламасы жөнінде әңгімеледі. Тұғырнамада айтылған кезек күттірмей шешетін міндеттер мен тапсырмаларды атап көрсетті.  

Кездесуде сөз алған кандидаттың Маңғыстаудағы сайлауалды штабының жетекшісі, «Арман тұлпарлары» ұлттық ат спорты түрлері федерациясының президенті Орынбасар Құлыбеков еліміздегі ұлттық ат спортын дамытудағы Сәдібек Түгелдің еңбегін, азаматтық, қайраткерлік қыры жайлы сөз қозғады.

Басқосуға жиналған көпшілік үміткерге көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.