28 мау, 2021 сағат 14:55

Садақ атудан әлем кубогі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі


Францияның Париж қаласында садақ атудан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды: ерлер арасындағы олимпидалық айналымда ең жоғарғы нәтижені Ильфат Абдуллин көрсетті. Ол 9-шы орын иеленді. Ал Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев және Денис Ганькин 57-ші орында. 

Әйелдер арасындағы олимпиадалық айналымда Фарида Тукебаева – 33-ші, Анастасия Баннова, Алина Ильясова және Гаухар Игібаева 57-ші сатыдан көрінді. 

Командалық сында Қазақстан командасы 17-ші орын алса, аралас командалық бәсекеде 9-шы орын иеленді.