09 мау, 2021 сағат 20:20

Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмады


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ширек финалда Польша өкілі Магда Линетт - америкалық Бернарда Перамен күш сынасты.

Бірінші партияда поляк-америкалық жұп 2:0 есебімен алға кетті. Содан кейін қазақстандық-ресейлік жұп алға шықты. Дегенмен қарсыластары сетті брейкпен бітірді - 7:5.

Екінші сетте де олар 3:1 есебімен алға шықты. Бұдан соң Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова қатарынан төрт гейм, сосын сетті алды - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда М.Линетт пен Б.Пера екі брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен тәмамдады - 6:2.

Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.

М.Линетт пен Б.Пера финалға шығу үшін осы доданың 2-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова - Катерина Синяковамен таласады.

Б.Крейчикова А.Павлюченкова секілді жекелей сында да жартылай финалға шықты.