Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарата".
Осы «Үлкен дулыға» додасының 18-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина екінші айналымда рейтингте 120-сатыда тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 22 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке барысында Рыбакина 7 эйс жасап, үш брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 18-інші, осы жарыстың 15-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе рейтингте 46-сатыдағы америкалық Шелби Роджерстің біреуімен таласады.
Осылайша 22 жастағы Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шығып отыр.