11 шіл, 2022 сағат 12:11

Рыбакина Уимблдонда жеңіске жетсе де, рейтингте орны өзгеріссіз қалды


Карьерасында алғаш рет "Уимблдон" - "Үлкен дулыға" турнирінде жеңген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған рейтингінде 23-орында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Уимблдон-2022" финалында қазақстандық теннисші әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді.

Жаңартылған рейтингте тунистік теннисші бірден үш жолға, екінші орыннан бесіншіге түсіп қалды. Турнирден ресейліктер мен белорустар шеттетілгендіктен, WTA және АТМ "Уимблдон" қатысушыларына ұпайлар бермеуге шешті.

11 шілдедегі WTA рейтингі:

1 (1). Ига Швентек (Польша) - 8336 очков;

2 (3). Анетт Контавейт (Эстония) - 4326;

3 (5). Мария Саккари (Грекия) - 4190;

4 (4). Паула Бадоса (Испания) - 4030;

5 (2). Онс Жабер (Тунис) - 4010;

6 (6). Арина Соболенко (Беларусь) - 3267;

7 (8). Даниэль Коллинз (АҚШ) - 3131;

8 (9). Джессика Пегула (АҚШ) - 3087;

9 (10). Гарбинье Мугуруса (Испания) - 2886;

10 (11). Эмма Радукану (Ұлыбритания) - 2717;

...

23 (23). Елена Рыбакина (Қазақстан) - 1805;

32 (33). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 1405;

201 (198). Зарина Дияс (Қазақстан) - 335;

344 (343). Анна Данилина (Қазақстан) - 173.

Елена - Мәскеу тумасы, 2018 жылға дейін Ресей атынан ойнаған. 2018 жылдың маусымында Рыбакина спорттық азаматтығын Қазақстанға ауыстырды.