28 шіл, 2021 сағат 14:52

Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады. 

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.