29 мау, 2022 сағат 16:44

Рыбакина бірегей жетістікке қол жеткізді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2022 жылы 31 кездесуде 168 эйс жасаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Екінші орында ресейлік Екатерина Александрова биылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 160 эйске қол жеткізген. Үздік үштікті грекиялық Мария Саккари түйіндеді (38 ойында 151 эйс).

Айта кетері, Рыбакина күні кеше Ұлыбританияның ашық чемпионатының ашылу матчында америкалық Коко Вандевегені (WTA No157) 7:6 (7:2), 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Келесі раундта Елена US Open — 2019 чемпионы канадалық Бьянка Андреескумен кездеседі.

Ерлер құрамасының лидері Александр Бублик қазіргі уақытта бір маусымдағы эйс саны бойынша әлемде сегізінші орында тұр.