Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 123-орында тұрған қытайлық Сю Ванмен кездесті.
Е.Рыбакина екі сетті де 6:4 есебімен ұтты.
Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткинамен таласады.
Д.Касаткинаның екінші айналымдағы қарсыласы, әлемнің 27-ракеткасы, чехиялық Каролина Мухова кортқа шыққан жоқ. Сондықтан Касаткина ойнамастан үшінші айналымға өтті.