02 сәу, 2019 сағат 09:56

Руслан Иманқұлов министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Руслан Иманқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың бұйрығымен Руслан Иманқұлов министрдің кеңесшісі болып тағайындалды», - делінген минстрлік хабарламасында.

Ол бұған дейін «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының кеңесшісі болып болып қызмет атқарған болатын.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болды.