12 ақп, 2021 сағат 12:33

Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Дәленов Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, банктің жаңартылған басқарма құрамына енді, деп хабарланды ведомствоның ресми сайтында.

Руслан Дәленов Түркиядағы Мармара университеті мен Қазақстандағы Қаржы академиясын тәмамдаған.

ЕАДБ қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін басқарды.

Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі және Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымында болған.

Салық комитеті, Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер саласында түрлі қызметтер атқарған.

2021 жылдың ақпанында жаңартылған ЕАДБ басқарма құрамына басқарма төрағасының орынбасарлары Сергей Васильев, Леонид Грачков, Денис Ильин, Данияр Иманғалиев, Амангелді Исенов, Елена Кубанова, Ярослав Мандрон, Берік Мұхамбетжанов, Тигран Саркисян енген.

Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның интеграциялануына және дамуына жәрдемдесетін халықаралық қаржы ұйымы.

ЕАДБ-ның жарғылық капиталы – 7 млрд АҚШ доллары.

Банкті 2006 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстан бірлесіп құрған, штаб-пәтері - Алматы қаласында.