19 там, 2020 сағат 07:58

«Рухани жаңғыру» шаралары пайдалы әрі қызықты болуы қажет – Болат Тілепов

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрлік ақпаратына сәйкес, кездесуде бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары және биылғы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды.

Б.Тілепов айтып өткендей, бағдарлама аясындағы әрбір жобаның іс-шаралары қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылып, олар пайдалы әрі қызықты болуы тиіс. 

«Кездесу барысында вице-министр бағдарлама аясында ағымдағы жылы бастамашылық етілген жаңа жобаларды сапалы және тиімді іске асыру қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды. Жоспар жаңа талаптарды ескере отырып әзірленеді және сараптамалық қоғамдастықтың қарауына ұсынылатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.