08 ақп, 2021 сағат 12:44

Рудныйда 45 жастағы ер адамды қинап өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысында 45 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласында болған. 

«Рудный қаласы Фрунзе көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінен зорлық-зомбылық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты Рудный қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауда отыр», делінген полиция ақпаратында.

Қазір осы іс бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.