Фото: Акорда
Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Сайранұлы Әрінов атқарған болатын. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.