Фото: Kaztag.kz
Желіде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қытайлықтардың алдында таза қазақша сөйлеп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Роман Склярдың қазақшасына TikTok-ғы zarina_tv тамсана былай дейді:
"Роман Васильевия Скляр енді қытайлықтардың да алдында қазақша сөйлейтін болды. Қазақшасы өте жақсы", -дейді ол.
Видеода Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қытайша және қазақ тілінде жазулары бар баннердің алдындағы мінберде мемлекеттік тілде мүдірместен акцентсіз мәтін оқып тұр. Онда ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде сауда, инвестиция, білім беру және технология сияқты салалардағы өзара қатынас пен ықпалдастық туралы айтып жатыр.