22 там, 2016 сағат 11:05

Риода моңғол бапкерлері төрелікке наразылығын білдіріп, денесін жалаңаштады (Фото, Видео)

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының соңғы күні тағы бір даумен ұласты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Олимпиада ойындарында еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Мандахнаран Ганзориг пен өзбекстандық Ихтиер Наврузовтың қола медаль үшін талас кезінде болған.

Кездесудің соңғы минуттарында моңғолиялық балуан Ганзориг 7:6 есебімен ұтып жатқан. Осы кезде моңғолиялық спортшы қарсыласынан қашқақтай бастаған. Кездесудің аяқталғаны жөнінде белгі берілген кезде моңғолиялық балуанмен оның командаластары жеңіске қуана бастайды, алайда олар ерте қуанып қойған, себебі таблода кездесу тең (7:7) аяқталды деген есеп көрсетілген. Артынша кездесудің жеңімпазы 8:7 есебімен Наврузов деп көрсетілген.

Осыдан кейін дау басталған. Соңында моңғолиялық бапкерлер кілемнің үстінде шешініп тастап, ол жерден кетуден бас тартқан. Осы наразылыққа қарамастан, кездесудің төрешілері өз шешімдерін өзгертпей, турнирдің қола жүлдегері Өзбекстан балуаны деп қалдырған. Риода Моңғолия құрамасы бір күміс және бір қола медальді иеленген.



kaz.tengrinews.kz