"Олимпиада ойындарында 21 жасар қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа жүзетіндердің іріктеу кезеңінде жартылай финалға өтті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
100 метрлік қашықтықты Баландин бір минуттан аз уақытта жүзіп өтіп, 59.47 секунд нәтижені көрсетті. Осы арқылы ол тоғызыншы орынға жайғасты.
Атап айтқанда, келесі кезеңге үздік 15 спортшы өтті. Бірінші орынды британдық Адам Пити (57.55) иеленіп, әлемдік жаңа рекордты орнатты. Екінші нәтижені жапондық Ясухиро Косеки (58.91) көрсетсе, ал үшінші болып бразилиялық Филипе Франса Силва (59.01) келді.