Фото: rusinfo.info
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі аяқталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы - Қазақстан-Ресей шекарасы толығымен белгіленді. Қазір халықаралық құқық нормаларына сәйкес оны демаркациялау процесі аяқталып жатыр", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте.
Бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін екенін айтқан еді.