Ресейдегі түрлі шектеуге байланысты Қазақстанға жаппай көшіп жатқан ресейліктер жедел эмиграция үшін неліктен Қазақстанды таңдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ресейліктер айтқан себептер арасында: экономиканың жеткілікті дамуы, жұмыс үшін қолайлы жағдай және қолайлы көші-қон ережелері бар.
"Мәскеуде тұратынмын, бірақ өткен аптадан бері Алматы тұрғынымын. Қазақстанға көшу себебім ел болашағына сенемін. Елдегі болашаққа Ресейдегі болашаққа қарағанда сенемін. Бүгінде Қазақстан бұрынғы КСРО елдері арасында Ресейден кейінгі ең бай ел, егер Прибалтика туралы айтпайтын болсақ", - дейді Ресей азаматы Вадим Новиков.
