Ресейлік ЖОО-лардың қазақстандық студентеріне сессияны қашықтан тапсыруға рұқсат етілді. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтында хабарланды.
«Құжат талаптарына сәйкес, 2021/2022 оқу жылдарында ресейлік жоғары оқу орындары Бірыңғай биометрия жүйе (ББЖ) арқылы аралық аттестацияны қашықтан тапсыра алады. Бұл формат бакалавриат, мамандану мен магистратура сияқты бағдарламалар бойынша білім алатын студенттерге қолжетімді. Шешімді ЖОО басшылығы қабылдайды. Сонымен қатар студенттің өзінің де келісімі қажет. Мұндай формат Қазақстанды қоса алғанда қашықтан білім алып жатқан студенттердің сессияны жоғары оқу орнына келмей-ақ тапсыруына мүмкіндік береді»,-делінген РФ үкіметі қаулысының мәтінінде.
Бірыңғай биометриялық жүйе биометриялық жеке мәліметтерді өңдеу, жинау және сақтау, сондай-ақ оларды тексеріп, ЖОО-ға жіберу жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл процес барынша қарапайым. Алдымен студенттер ББЖ-ге тіркелуі қажет. Емтихан тапсырар алдында олар прокторинг процедурасынан өтуі керек. Жүйе қолданушының қимы-қозғалысын есте сақтап, оны адам ретінде тіркейді. Бұдан әрі мәліметтер қорғалған арналар бойынша ЖОО-ға жіберіледі. Студенттің аты-жөні расталған жағдайда ол емтиханға жіберіледі.