20 нау, 2021 сағат 11:16

Ресейлік сарапшы көктем соңында коронавирус жұқтырғандар саны бәсеңдейтінін болжады

Роспотребнадзор Эпидемиология Орталық ҒЗИ директорының орынбасары Наталья Пшеничная алдағы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Оның айтуынша, көктемнің соңына қарай коронавирус инфекциясымен ауыру деңгейі наурызда байқалып отырған статистикамен салыстырғанда азаюы мүмкін. Ол үшін адамдар барлық ережелерді сақтап, коронавирусқа қарсы екпе салдыртуы тиіс. 

«Қазіргі кезде босаңсымай, қорғаныс шараларын сақтау, вакциналау қарқынын өсіру маңызды. Мұндай жағдайда көктемнің соңында біз ауруға шалдығу деңгейінің наурыздағы қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда одан да төмендеуін көруіміз әбден мүмкін», - деді ол. 

Пшеничная Ресейде қазіргі кезде жағдай тұрақталғанын атап өтті. Оның сөзінше, COVID-19 жұқтырудың күн сайын анықталған оқиғаларының саны соңғы екі аптада тәулігіне 11 мыңнан аспайды. Маманның айтуынша, бұған кеңес етілген алдын алу шараларын сақтау, вакциналау науқаны, сондай-ақ тұрғындардың бір бөлігінде коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасқаны септігін тигізіп отыр. 

Алайда ол көктемде жылымық, батпақ, жаңбыр және ылғалды ауа райының әсерінен ауруға шалдығудың тәуліктік ауытқуы байқалуы мүмкін екенін қосып өтті. 

Жыл басынан бері әлемде 121,8 млн адам коронавирус жұқтырған, 2,7 млн жуық адам қайтыс болды. Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу федералдық штабтың мәліметінше, Ресейде ауру жұқтырудың 4 437 938 оқиғасы тіркелген, 4 049 373 адам сауығып шықты, 94 267 адам қайтыс болды.