Фото: © РФ қорғаныс министрлігі
Норвегияның барлау қызметі ресейлік кемелердің 30 жылда алғаш рет ядролық қарумен теңізге шыққанын хабарлады. Путин бұған дейін Батыс "ядролық бопсалауды қолданады" деп айтып, барлық қорғаныс құралдарын қолдануға уәде берген болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы rbc.ru сайтына сілтеме жасап.
“Ресейдің Солтүстік флотының кемелері 30 жылда алғаш рет теңізге тактикалық ядролық қарумен шыға бастады”, – деп мәлімдеді Норвегияның барлау қызметі (NIS) жыл сайынғы баяндамасында.
Құжатта кеңес дәуірінде Солтүстік флоттың әскери кемелері тактикалық ядролық қарумен теңізге үнемі шығып тұрғаны айтылған, бірақ қырғи қабақ соғыстан бері мұндай хабарлар естілмей кеткен.
Барлау мәліметтері бойынша, Украинада соғыс басталғаннан кейін "Ресей үшін ядролық қарудың маңыздылығы айтарлықтай өсе түскен".
"Ядролық әлеуеттің орталық бөлігі Солтүстік флоттың сүңгуір қайықтарында және жер үсті кемелерінде орналасқан. Ядролық қару НАТО елдері қатыса алатын операциялар нұсқаларында ерекше қауіп төндіреді", - делінген Норвегия барлау қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Солтүстік флот - Североморск қаласында орналасқан Ресей әскери-теңіз күштерінің жедел стратегиялық бірлестігі. Флотилия құрамына 80-нен астам сүңгуір қайық пен жер үсті кемесі, оның ішінде дауысы зор қару тасымалдаушылар кіреді.