Фото: ашық дереккөз
Ресейге адыраспан алып өткен азаматтар қатаң жазаға тартылуы ықтимал. Себебі бұл өсімдік көрші елде есірткі затына теңестірілген, деп хабарлайды Ult.kz.
Құрамында есірткі бар өсімдікті елге әкелгені үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал тасымал көлемі ірі болса немесе қылмыстық топ арқылы жеткізілсе, 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
