04 қаң, 2017 сағат 10:35

Ресейдің Түркиядағы елшісін өлтірген адам оны екі ай бойы аңдыған - БАҚ

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген адам қазан айынан бері саясат жайлы мәліметтерді жинастырып жүрген, - деп жазады Anadolu агенттігі.

Андрей Карловтың өліміне қатысты тергеу жұмыстарының барысында ресейлік мәмілегердің әрбір әрекеті жайлы ақпарат Серканның (қаскөй Мевлют Мерт Алтыншашпен осыған дейін бір бөлмеде тұрған) адвокатының компьютері арқылы 2016 жылдың қазан айынан жиналған.

Басылымдағылар сарапшыларға сілтеме жасай отырып, Интернетте қазан айында Карлов жайлы мәліметтердің бірнеше рет іздестірілгенін айтып отыр. Сондай-ақ, Карлов түскен видеолар да бірнеше рет қаралған. Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта тергеушілер осы уақыт аралығында Мевлют Мерттің кіммен кездескенін анықтап жатыр.

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адамкіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.

Кейінірек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Түркиядағы елшісінің қазасына көңіл айтқан болатын.