Ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров өлең оқу тапсырмасын Ринат Гайсин мен Нұрболат Абдуллиннен қабылдаған. Ол Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінен үзінді оқыды және эстафетаны ресейлік әнші Валерияға, продюсер Иосиф Пригожинге, Евгений Плющенко мен Яна Рудковскаяға, Қазақстанда Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке жолдады.
Өз кезегінде танымал әнші Валерия ұлы ақынның «Не упивайся праздной красотой» өлеңін орыс тілінде оқыды және эстафетаны Лера Кудрявцеваға жолдады.
Продюсер Иосиф Пригожин «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін орыс тілінде оқып, кезекті А-Студио тобының жетекшісі Байғали Серкебаевқа жолдады.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.