Фото: pexels.com
Мәскеу әуежайларында шетел азаматтарына арналған дактилоскопия мен фотосурет арқылы сәйкестендіру желтоқсан айынан бастап тәжірибе ретінде енгізіледі, деп хабарлайды Коммерсант.
Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Ресейге кіретін шетелдіктер үшін барлық әуежайда фото және дактилоскопиялық сәйкестендіру рәсімі енгізіледі.
РФ ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горовойдың айтуынша, бұл шара әзірше эксперимент ретінде қолданысқа енгізіледі.
Дәл осы бақылау жүйесі Қазақстанмен шекаралас Орынбор облысындағы Маштаково автокөлік өткізу бекетінде де пайда болады.
Еске салайық, жақында Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарына шетел азаматтарының мемлекеттік шекара арқылы кіруін бақылаудың күшеюіне байланысты Ресейге сапарлардан бас тартуға кеңес берген еді.