24 мау, 2023 сағат 17:10

«Ресейдің ішкі мәселесі»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі - елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл - қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.