Фото: @Reuters, Фото: Instagram/@xenia_sobchak, коллаж: Massaget.kz
Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы сенсациялық жеңісіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Уимблдонда қандай керемет оқиғаға куә болдық. Турнир чемпионы - Мәскеудің тумасы, Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстырған Елена Рыбакина болды. Қандай да бір себептермен ұлттық құрамаға кіре алмаған кез келген спортшы мансабын жалғастыру үшін азаматтығын ауыстырады. Елена Қазақстан азаматы болғандықтан, Уимблдон турниріне қатысты. Себебі биылғы турнирге белорустар мен ресейліктер қатыса алмады. Кеше ол қарсыласын жеңіп, әйелдер синглінде чемпион атанды. Бұл - оның алғашқы "Үлкен Дулыға" атағы", - деп жазды Собчак Telegram-арнасында.
Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін "Ресейдің жеңісі" деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.
"Бұл - Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді, сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген - Қазақстан", - деді Собчак.