Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлап, бұл достық сапары екенін атап өткен.
Жарияланған видеода ресейлік әскерді қазақстандық тарап бауырсақпен және көжемен қарсы алғанын көруге болады.
"Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – "Татарстан" зымыран кемесі Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Делегацияны Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды", - делінген хабарда.