Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметтегі баспасөз конференциясында Ресейдегі утиль алымның қымбаттауы қазақстандық нарыққа қалдай әсер ететіні жайлы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Аzattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Қазір бізде бағаны қымбаттату деген мәселе тұрған жоқ. Менің ойымша, әсер етпейді. Біздің көршілер утиль алымға қатысты қабылдап жатқан шешімдерін айтқым келеді. Олар оны алып тастамақ түгілі, құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан да утиль алымды енгізейін деп жатыр. Бұл жерде Қазақстан утиль алым бағасы бойынша көрші елдердің бәрінен артта қалып қойды деп айтуға болады», - дейді ол.
Министр Ресейде утиль алым бағасының қымбаттауы елдегі ескі көліктердің «тұрып қалуына» әсер етуі мүмкін дейді.
«Олар жолдарда күрделі жағдай тудырады. Өзге елдер ескі көліктердің елге кіріуінен бас тартып жатыр. Ал бізге одан сақтанудың қажеті жоқ», - дейді министр.