07 қаң, 2020 сағат 21:52

Ресейде өрттен Вьетнамнан келген еңбек мигранттары қаза болды

7 қаңтарда Мәскеу маңындағы жылыжайда өрт шығып, Вьетнамнан келген сегіз еңбек мигранты қаза болды. Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасаған ресейлік басылымдар басында қаза тапқандар тәжікстандық деп хабарлады.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлерінің оқиға орнына барғанын, қаза тапқандардың бәрі вьетнамдық екенін мәлімдеді.

Тағы бір мигрант өрттен күйіп қалған. Оның азаматтығы анықталып жатыр.

Өрт 7 қаңтар таңертең Мәскеу облысы Раменский ауданы Нестерово ауылында болған. Төтенше жағдай министрлігі өрттің тағы алтыда сөндірілгенін хабарлады.