01 ақп, 2021 сағат 09:13

Ресейде коронавирустың таралу көрсеткіші көктемге қарай төмендеуі мүмкін

Ресей Федерациясында көктемде коронавирус ауруының өсуі болмайды. Бұл туралы Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Горелов айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Күзде орташа өсу кезеңі болды, қазір эпидемиялық процесті тұрақтандыру кезеңі өтуде, ол әдетте екі айға созылады. Содан кейін көктемде де болатын тұрақты құлдырау кезеңі өтеді. Ал көктемде ауру деңгейі дәстүрлі түрде төмен болады. Біз мұндай иммундық қабатпен нөлге түспейміз», - деді ол. 

Алдағы күзгі эпидемиялық маусым туралы сұраққа жауап берген Горелов «ол тыныш өтпейді» деп атап өтті. Оның айтуынша, тұмаудың кез-келген түрі болған жағдайда, инфекция адамдар арасында тарала бастайды. «Біз тек тұмауды бақылау туралы ғана айта аламыз, ол үшін вакциналар бар және коронавирусты бақылауға алуға үлгереміз деп үміттенеміз», - деп түсіндірді сарапшы. 

Горелов сонымен қатар қалада аурудың таралу индексі 0,7-ден аз болған жағдайда ғана коронавирустық шектеулерді алып тастауға болатынын атап өтті.

Коронавирус пандемиясы басталғалы әлемде 102,5 миллионнан астам адам ауруға шалдыққан. 2,2 миллионнан астам адам көз жұмған. Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметі бойынша ауру жұқтырудың 3 850 439 жағдайы тіркелген, 3 300 004 адам сауығып шыққан, 73 182 науқас қайтыс болған. Ресей үкіметі елдегі жағдай туралы хабарлау үшін стопкоронавирус.рф ресурсын іске қосқан болатын.