18 қаң, 2021 сағат 06:30

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады

Екпе алуға тілек білдіруші халықтың барлық санатын жаппай вакциналау Ресей аймақтарында 18 қаңтардан басталады.

Ресейліктер тіркелген екі вакцинаның бірін – «Спутник V» немесе «Эпиваккоронаны» тегін салдыра алады, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2020 жылдың 10 желтоқсанында басталған ауқымды вакциналаудан жаппай вакцинацияға өтуді 13 қаңтарда тапсырған болатын. Сол кезде инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабты басқаратын вице-премьер Татьяна Голикова 18 қаңтардан бастап елде ауқымды вакциналаудан жаппай вакциналауға көшуге бәрі дайын екенін айтты. 

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның шамамен 2,1 миллион дозасы қаңтар айының соңына дейін Ресейде азаматтық айналымға түседі. Вице-премьер сонымен қатар Ресейде халықтың иммунитет деңгейіне қарамастан, халықты коронавирусқа қарсы тегін вакциналау үшін ресурстар бар екенін атап өтті. Ең бастысы, Ресей азаматтары вакциналауға келуге, сондай-ақ «әсіресе қазіргі жағдайда өте маңызды болып табылатын қауіпсіздік шараларын сақтауға» ниет білдірді деді Голикова. 

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында коронавирусқа қарсы екі вакцина тіркелген: Гамалея институты жасаған «Sputnik V» және «Вектор» ғылыми орталығы жасаған «Эпиваккорона». Тағы бір вакцинаны В.И.Чумаков атындағы иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту жөніндегі федералды ғылыми орталық жасады.