10 там, 2018 сағат 16:33

Қазақ жігіті өртеніп жатқан автобустан 50-ге жуық адамды құтқарып қалды (Видео)

Қазақстандық 37 жастағы Ержан Омарханов ресейлік телеарналардағы сюжеттердің жұлдызына айналды. Грек-рим күресінің бапкері өрт шыққан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалған. Олар сол кезде Қазақстаннан Ресейге жол жүріп бара жатқан, - деп хабарайлайды Vesti.ru.

Басылымның мәліметінше, өткен жексенбіде жолаушылар автобусы Семейден Новосібірге шыққан. Сол түні автобус өртенген. Жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқанда Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен. Ол лезде жолаушыларды оятып, бұғатталған есіктерді ашып, адамдарды құтқара бастаған. 

"Ержан болмағанда, мені және әпкемді оятпағанда, біз қайтыс болар ек. Ержан балалардың барлығын шығарып, автобус есіктерін сындырды", - деп еске алды жолаушылардың бірі Кирилл Рявкин.

"Бұл ісім үшін мақтанбаймын. Ең бастысы, барлығы аман-есен. Құжаттарым, көші-қон картам, жеке куәлігім және ақшалар сонда қалды. Көлік алуға бара жатқам. 270 мың рубль болды", - дейді Ержан Амарханов бүкіл құжаттарының өртеніп кеткенін айта отырып.

Көші-кон басқармасының қызметкерлері өз кезегінде ер адамға көмектесіп, құжаттарды жедел түрде рәсімдеп берді. Ержанға Новосібір облысы бойынша қозғалу қағазы мен паспортын қайта жасату үшін Омбыдағы консулдыққа дейін жетуге анықтама берілді.