26 сәу, 2022 сағат 18:22

Ресейде белгісіз ер адам балабақшада атыс шығарды


Ресейдің Ульянов облысындағы балабақшада белгісіз ер адам оқ атты. Үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнында тәрбиеші және екі бала көз жұмды. Бұдан бөлек, тағы бір әйел жарақат алды. Ол – бұрынғы губернатор.

112 Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, бұл оқиға Вешкайма кентінде болған. Белгісіз ер адам балабақшаға бәрі ұйықтап жатқанда кірген. Қолында Иж-27 мылтығы болған. Оның не себепті оқ атқаны белгісіз.

Ол алдымен тәрбиешіге, одан кейін екінші әйелге оқ атқан. Артынан балалар жатқан бөлмеге барып, 5 жасар ұл мен 6 жасар қызды өлтірген.

Балабақшада күзет қызметі болмаған. Дабыл батырмасы ғана орнатылған.