Ресей мен Украина делегацияларының екінші келіссөзі Брест облысының аумағында өтеді. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі, ресейлік делегацияның басшысы Владимир Мединский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Мединскийдің сөзіне қарағанда, келіссөздер жоспарланған жерде, Беларусьтің Брест облысы аумағында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталмақ.
«Таңертең келіссөздердің өтетін жері мен уақытының ауысқаны туралы ақпарат тарады. Ол шындыққа жанаспайды», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін екі ел арасында келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеумен өткен келіссөздер әзірге нәтижесіз екенін хабарлады.