18 қар, 2019 сағат 15:31

Ресей украиналық әскери кемелерді не үшін қайтарды?

Қырым парламентінің өкілі Юрий Гремпель Керчь бұғазында ұсталған Украинаның әскери кемелерін қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін түбектегі күш құрылымдарда жұмыс істейтін ақпарат көзі "Яны Капу" буксирінің, сондай-ақ, "Бердянск" пен "Никополь" катерлерінің қайтарылатынын жеткізді. Аталған кемелер бейтарап аймақта Украинаға тапсырылады.

Крым халықтық дипломатия және халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Юрий Гремпельдің айтуынша, бұл – маңызды шешім әрі достық қарым-қатынасты орнатудың белгісі.

"Ресей Федерациясы көршілер арасындағы тату әрі әріптестік қарым-қатынастарды орнатуға, халықаралық мәселелер бойынша ортақ пікірге келуге маңызды қадам жасап отыр. Енді, Киев жауап қатады деген сенім бар. Мысалы, Солтүстік Қырым каналымен днепрлық суды жіберуді қайта қолға алса болады", - дейді Гремпель.

Айта кетейік, 2018 жылы 25 қарашада Украинаның әскери-теңіз күштерінің кемелері "Яны Капу", "Бердянск" пен "Никополь"шекараны бұзып, қауіпті маневрлар жасады. Ресми биліктің талаптарын орындаған жоқ. Осыдан кейін шекараны бұзғандарды ұстау туралы шешім қабылданды. Сол кезде 24 әскери азамат қолға түсті. Олардың ішінде Украинаның қауіпсіздік қызметінің адамдарды да болды.