04 ақп, 2019 сағат 13:12

Ресей, Түркия және Иран басшылары Сирия жайын талқылайды

Ресей, Иран және Түркия президенттері Сириядағы жағдайды талқылау үшін 14 ақпанда Сочиде кездеспекші. Бұл туралы жексенбі күні ресейлік және түркиялық ақпарат құралдары хабарлады.

Владимир Путиннің Хасан Роухани және Режеп Ердоғанмен кездесуінің егжей-тегжейі айтылмайды, алайда ресейлік НТВ компаниясының хабарлауынша, үш президент Сирияның Идлиб провинциясындағы деэскалация аймағы төңірегіндегі ахуалды және АҚШ-тың Сириядан әскерін әкету процесін талқылайды.

Бұған дейін Путин, Роухани мен Ердоған Сириядағы жеті жылға созылған азамат соғысын саяси жолмен реттеуге қол жеткізуге ниетті екендерін мәлімдеген болатын.