Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты ойын бүгін РФ үкіметінің кезекті отырысын ашу кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мұрагерлік жағынан мәселе туындамайды деп үміттенеміз. Қалай дегенмен де, Назарбаев жоғары қызметін тастап кетіп барады, сондықтан оған өзара ынтымақтастық үшін алғыс айтып, сәттілік тілеуімізге әбден негіз бар", - деді Путин.
Бұл мәлімдемені жиналғандар мақұлдап, ду қол шапалақ соқты.
Бұдан бөлек, ол Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде қолдау үшін Ресей жағы барын салып атсалысатынын атап өтті.
Айта кетсек, 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жасаған үндеуінде Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатынын мәлімдеді.