«Отандастар қоры» Ресейдің Қазан қаласындағы Бас консулдығымен бірге Наурыз мерекесіне орай думан ұйымдастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ресейде Қазан, Екатеринбург, Уфа қалаларында қазақтардың қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді. «Отандастар қорының» хабарлауынша, Наурызға арналған іс-шараға осы 3 өңірдің өкілдері қатысты.
«Бұл іс-шара қазақ тілін дамыту, мәдени мұраны насихаттау, Ресейдегі қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейту мәселелерін талқылауға жақсы себеп болды. Шараның көркін жергілікті шығармашылық ұжымдар ұсынған қойылымдар кіргізді», - делінген «Отандастар» қорының мәліметінде.
Думан барысында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге белсене қатысқан және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Қазақстаның Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары табысталған.