Ресейлік экспорттаушылар Батыстың экономикалық санкцияларынан 6 миллиард 300 миллион доллар шығынға батты. Бұл туралы Ресей экономикалық даму министрлігінің баяндамасына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.
Баяндамаға қарағанда, Еуропа одағы ресейлік тауарларға - 25, Украина - 22, Үндістан - 16, АҚШ 9 шектеу қойған. Ресей экономика министрлігі Вашингтон санкциясынан келген шығынды 1,1 миллиард долларға бағалайды. Ал, ең көп шығынды Еуропа одағының санкциялары келтірген - шамамен 2,5 миллиард доллар.
Батыс санкцияларынан Ресейдің ең көп шығынға ұшыраған - металлургия (4 млрд доллар) мен ауыл шаруашылығы (шамамен 1 млрд доллар) салалары.
Соңғы бірнеше жылда Ресейге 62 ел санкция салған. 2018 жылдың соңындағы дерекке қарағанда, ресейлік тауарларға қарсы барлығы 159 шектеу шарасы қабылданған.